Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 11.03.2016 № 409 қаулысымен және Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 11.03.2016 № 38/384 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай, Маңғыстау облысы әкімі жанындағы облыстық ардагерлер кеңесінің, "Мерос" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы Ақтау қалалық филиалының Саяси кеңес Бюросының Ақтау қаласы 14 шағын ауданында орналасқан облыс әкімдігінің ғимаратынан бастап "Ақтау - Бейнеу" тас жолына дейінгі аралықтағы жолды ("Ынтымақ алаңы" мен "Мемлекеттік рәсімдер алаңынан" басталып, 11 мен 12 және 26 мен 27 шағын аудандардың арасынан өтетін) "Тәуелсіздік даңғылы" деп атау туралы ұсынысын қарай келіп және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Ақтау қаласы 14 шағын ауданында орналасқан облыс әкімдігінің ғимаратынан бастап "Ақтау - Бейнеу" тас жолына дейінгі аралықтағы жол "Тәуелсіздік даңғылы" деп аталсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Сүйеуов |
Ақтау қаласының әкімі | О. Қазақбаев |
Ақтау қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Ж. Матаев |