Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" № 23/190-ІV (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-13-78 нөмірмен тіркелген, 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 37 (7381) "Арай" газетінде жарияланған) шешімі;
2) Катонқарағай аудандық мәслихатының "Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы" 2004 жылғы 04 маусымдағы №6/10-ІІІ (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1823 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 18 маусымдағы № 23 (7100) "Арай" газетінде жарияланған) шешімі;
3) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі "Жер учаскелері үшін жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" 2004 жылғы 04 маусымдағы №6/10-ІІІ шешімге өзгерістер енгізу туралы" №6/45-V (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2693 нөмірмен тіркелген, 2012 жылғы 19 қазандағы № 79 (7579) "Арай" газетінде жарияланған) шешімі;
4) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы "Жер учаскелері үшін жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" 2004 жылғы 04 маусымдағы №6/10-ІІІ шешімге өзгерістер енгізу туралы" №9/67-V (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2827 нөмірмен тіркелген, 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 7 (7604) "Арай" газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г.Ағажаева |
Аудандық маслихаттың хатшысы | Д.Бралинов |