Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 23.12.2014 N 28/213-V шешімімен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 379-бабы, 387-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының "Жер учаскелері үшін жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" 2004 жылғы 4 маусымдағы № 6/10-ІІІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1823 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 18 маусымдағы № 28 (7043) "Арай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы";
аталған шешімнің 3-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Е. Кешілбаев |
Аудандық |
|
мәслихаттың хатшысы |
Д. Бралинов |
Катонқарағай аудандық мәслихатының |
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына
түзету коэффициенттері
Аймақтың |
Жер учаскелері үшін |
Аймаққа кіретін ауылдық елді |
I |
1,5 |
Үлкен Нарын ауылы |
II |
1,5 |
Cолдатово ауылы |
III |
1,5 |
Жұлдыз ауылы |
IV |
1,5 |
Көктерек ауылы |
V |
1,5 |
Құндызды ауылы |
VI |
1,5 |
Бесүй ауылы |
VII |
1,5 |
Сенное ауылы |
VIII |
1,5 |
Жаңаүлгі ауылы |
IX |
1,5 |
Мойылды ауылы |
X |
1,5 |
Талды ауылы |
XI |
1,5 |
Маралды ауылы |