Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитарлық инспекторының 2014 жылғы 17 шілдедегі № 519 ұсынысына сәйкес, Құйған аулдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Күршім ауданының Құйған ауылдық округінің Құйған ауылында ірі қара малдың арасынан құтырық ауыруының шығуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Құйған ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі "Күршім ауданының Құйған ауылдық округінің Құйған ауылына шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 12 мамыр № 3307 болып тіркелген) № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Құйған ауылдық округінің әкімі | М.Кусаинов |