Күршім ауданының Құйған ауылдық округінің Құйған ауылына шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 2 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитарлық инспекторының 2014 жылғы 17 шілдедегі № 519 ұсынысына сәйкес, Құйған аулдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Күршім ауданының Құйған ауылдық округінің Құйған ауылында ірі қара малдың арасынан құтырық ауыруының шығуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Құйған ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі "Күршім ауданының Құйған ауылдық округінің Құйған ауылына шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 12 мамыр № 3307 болып тіркелген) № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      Құйған ауылдық округінің әкімі М.Кусаинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады