Күршім ауданының Құйған ауылдық округінің Құйған ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 мамырда N 3307 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің 21.07.2014 № 2 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 231 ұсынысына сәйкес, Құйған ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Күршім ауданының Құйған ауылдық округінің Құйған ауылында ірі қара малдың арасынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Құйған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – мал дәрігері С.Кітапбайға осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Құйған ауылдық
      округінің әкімі М. Кусаинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады