«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 659 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9005 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 наурыздағы № 42 (27663) және 2014 жылғы 1 наурыздағы № 42 (28266) «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған);
2) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы салалық біліктілік шеңберлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 560 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9101 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 63 (27684) және 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 63 (28287) «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастан күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы
полиция генерал-лейтенанты М. Демеуов