Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы салалық біліктілік шеңберлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 560 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 қаңтарда № 9101 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 464 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 20.05.2015 № 464 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       В. Божко

Қазақстан Республикасы    
Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 560 бұйрығымен     
бекітілген         

«Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды
жою» саласындағы салалық біліктілік шеңбері

1. Жалпы ережелер

      1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою» саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) сегіз біліктілік деңгейін қамтиды, бұл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Заң газетінде 2012 жылғы 16 қарашада № 174 (2356), «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 24 қарашада № 408-409(27227-27228) жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес келеді.
      2. СБШ біліктілік деңгейлерінің бірыңғай шкаласын, біліктіліктердің сәйкестігін айқындайды және кәсіптік стандарттар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мамандардың біліктілігін сәйкестікке растау және оны беру жүйесі үшін негіз болып табылады.
      3. СБШ әртүрлі топтағы пайдаланушыларға (жұмыс берушілерге, білім беру органдарға, азаматтарға) арналған және:
      1) кәсіптік және білім беру стандарттарын әзірлеу кезінде қызметкерлер мен оқу бітірушілердің біліктілігіне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға;
      2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мамандар мен білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу бітірушілердің біліктілігін сәйкестікке растау мен оны берудің бағалау материалдарын және рәсімдерін әзірлеуге;
      3) тиісті біліктілікке ие болуына алып келетін мансаптық өсуін, біліктілік деңгейінің артуын жоспарлауға мүмкіндік береді.
      4. СБШ-да пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі;
      2) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
      3) ұлттық біліктілік жүйесі – мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институттық реттеу тетіктерінің жиынтығы;
      4) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығында меңгерілген және тиімді пайдаланыла алатын білім мен білік.
      5) салалық біліктілік шеңберлері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      6) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
      7) білік – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуитивтік, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану);
      5. СБШ осы СБШ-ға 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша ресімделген шеңберлік құрылым болып табылады.
      СБШ әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларын сипаттаудан тұрады, атап айтқанда:
      1) білім (қызметтің ғылымды қажет етуі) – білімге талаптарды айқындайтын кешенді көрсеткіш және келесі кәсіби қызмет ерекшеліктеріне байланысты:
      пайдаланатын ақпараттың ауқымы мен күрделілігі;
      білімнің инновациялығы;
      олардың абстрактілік дәрежесі (теориялық және практикалық білімнің арақатынасы).
      Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің), екеуінің де немесе үшеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
      2) білік пен дағды – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және біліктілікке қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
      кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерінің көптігі (нұсқалығы), осы тәсілдерді таңдау немесе әзірлеу қажеттілігі;
      жұмыс жағдайының белгісіздік және оның дамуының беймәлімдігі дәрежесі.
      Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің) немесе екеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
      3) жеке және кәсіби құзыреттер – бұл көрсеткіш қызметкердің жалпы құзыреттілігін айқындайды және үш негізгі дәрежесі бар:
      басшылықтың қол астындағы қызмет;
      қызметті өз бетінше орындау;
      басқаларды басқару.
      Өкілеттік пен жауапкершіліктің кеңдігі қызмет ауқымына, ықтимал қателіктің ұйым, сала үшін бағасына, олардың әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және басқа да салдарына, сондай-ақ кәсіби қызметте басшылықтың негізгі функцияларын толық іске асыруына байланысты (мақсатты болжау, ұйымдастыру, бақылау, орындаушыларды(жұмыскерлерді, жұмысшыларды) ынталандыру).
      6. СБШ-да біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидаты біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оларды сипаттау ашықтығы болып табылады.
      7. Біліктілік деңгейі белгілі бір білім бағдарламасын игеру және/немесе практикалық тәжірибе нәтижесі болып табылады.
      Біліктілікті жетілдіру немесе оның бейінін өзгерту үшін әрбір деңгейде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің қосымша білім беру бағдарламалары бойынша тиісті лицензиялары бар мекемелерде оқуға болады.
      Біліктілік деңгейі практикалық жұмыс тәжірибесін меңгеруіне, өз бетінше білім алуына және оқуына қарай жетілуі мүмкін.
      Білім беру мен оқытудың әртүрлі нысандарын есепке алу салалық біліктілік жүйелердің ішінде жүргізілетін болады.
      Жеке білім беру траекториясының қалыптасуы қызметкердің білімі мен практикалық тәжірибесін, біліктілікті арттыру курстарын есепке ала отырып жүзеге асырылады, бұл біліктілік деңгейлерін алға және жоғары қарай да дамытуға мүмкіндік береді.
      Біліктілік деңгейлері мен ұлттық білім беру және оқыту жүйесі деңгейлерінің арақатынасы СБШ-ға 2-қосымшаға сәйкес біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші бойынша айқындалады.

Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою саласындағы салалық  
біліктілік шеңберіне     
1-қосымша            

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын
алу және оларды жою саласындағы салалық біліктілік шеңберінің
құрылымы

ҰБШ деңгейі

СБШ деңгейі

Кәсіби қызмет саласы:

Кәсіби қызмет саласы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв, салааралық үйлестіру, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша, Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын мемлекеттік бақылау, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру, төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.



Білімге талаптар

Білік пен дағдыға талаптар

Жекелеген және кәсіби құзыретке талаптар

1

2

3

4


1.1

Дербес: тікелей басшылықпен орындаушылық іс-әрекет.
Функционалдық міндеттерін орындау кезінде қарапайым қауіпсіздік шараларының қағидалары мен нормаларын сақтауға, өз денсаулығына, сондай-ақ басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жеке жауапкершілік. Қарапайым жұмыс түрлерін орындау, құрал-саймандар мен керек-жарақтарды дайындау. Қиындық: нұсқаулық бойынша жұмыс, қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасындағы ұзақ жұмыс. Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпті факторлар ықпалы.
Қол құрал-саймандарын басымырақ пайдалану

Белгілі жағдайларда стандартты практикалық тапсырмаларды орындау. Қарапайым тапсырмаларды орындау үшін базалық дағдылардың шектелген көлемі пайдаланылуы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасының және денсаулықты сақтаудың қағидаларын, нормаларын, талаптарын, сондай-ақ нақты бір тапсырмаларға қатысты міндеттерін біледі.
 
 

Нұсқамадан өту немесе жұмыс орнында оқу процесінде алынған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы еңбек пәні туралы базалық жалпы білім.
 
 


1.2

Дербес: тікелей басшылықпен орындаушылық іс-әрекет.
Орындалған қарапайым тапсырмалардың нәтижелеріне, өз денсаулығына және қауіпсіздігіне, басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілік.
Қиындық: нұсқаулық бойынша жұмыс, қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасындағы ұзақ жұмыс. Қол құрал-саймандарын басымырақ пайдалану.

Төтенше жағдайлар саласындағы жұмыс шарттарына сәйкес өз іс-әрекеттеріне түзете біледі.
Қарапайым, құрылымдық міндеттерді орындаудағы проблеманы, оның себептерін анықтап, оларды шешу және аяқтау үшін уақытта белгілеуі мүмкін. Нақты айқындалған қызмет шеңберінде толық басшылықта қойылған нәтижелерге қол жеткізілуі мүмкін.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында пайдаланылатын кейбір қарапайым авариялық-құтқару құрал-саймандары мен жабдықтары, сондай-ақ оларды қолдану саласы туралы базалық білім

1






2.1

Дербес: Белгілі бір дербестік дәрежесін болжайтын басшылықпен тапсырмаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет, болжанатын нақты дербестік дәрежесі.
Тапсырмаларды орындау кезінде өрт сөндіру-техникалық қару-жараққа, авариялық-құтқару құрал-саймандарын, жабдықтар мен жарақтарға, арнайы агрегаттарға, өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне, басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілік.
Қиындық: қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасындағы ұзақ жұмыс. Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпті факторлар ықпалы.

Стандартты және біртекті тәжірибелік міндеттерді шешу және қойылған нәтижелерге қол жеткізу

Кәсіби даярлау процесінде және (немесе) өз бетінше алған білім.

2

2.2

Дербес:шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік дәрежесін болжайтын басшылықпен тапсырмаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет.
Командада жұмыс істей білуге – командалық жұмыс процесіне белсене қатысуға, өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне, басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілік.
Қиындық: қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасындағы ұзақ жұмыс. Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпті факторлар ықпалы.

Нұсқаулықта берілген алғышарт бойынша іс-әрекет тәсілін таңдау және жұмыс жағдайларының шарттарына сәйкес іс-әрекетті түзету.
Қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау, іс-әрекетін өзінше түзету дағдыларын көрсете отырып, қиын емес практикалық міндеттерді орындау үшін негізгі практикалық және танымдық дағдыларды қолдана білу

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы негізі және қарапайым авариялық-құтқару құрал-саймандарын, жабдықтарын, жұмыс процесінің рәсімдерін білу.


3.1
 
 

Дербес: Белгілі бір дербестік дәрежесін болжайтын басшылықпен тапсырмаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет Өзін-өзі оқыту, жоспарлау. Нормадан ауытқыған жағдайда кәсіби қызмет процестерін жақсарту бойынша идеялар ұсынады.
Қандай да бір тапсырмаларды орындау кезінде өз денсаулығына және қауіпсіздігіне, басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілік.
Басшылықпен еңбек қатынастарын қолдайды және оған есептік деректерді ұсынады.
Өрт сөндіру-техникалық қару-жараққа, авариялық-құтқару құрал-саймандарын, жабдықтар мен жарақтарға, арнайы агрегаттарға техникалық қызмет көрсету.
Қиындық: қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасындағы ұзақ жұмыс. Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпті факторлар ықпалы.
Қол және механикаландырылған жабдықтарды, авариялық-құтқару жұмыстарының технологиясын пайдалану.

Стандартты және қарапайым біртекті практикалық міндеттерді, еңбек процесін және олардың нәтижелерін өзіндік жоспарлау, орындау және бағалау контексіндегі дағдыларды шеше білу.
Жұмысты жоспарлармен салыстыра алады, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді және алынған нәтиженің сапа нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ете алады.
 
 

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында кәсіби дайындық процесінде және (немесе) өз бетінше алынған практикаға бағытталған кәсіби білім.
 
 


3.2

Дербес: Белгілі бір дербестік дәржесін болжайтын басшылықпен тапсырмаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет. Кәсіби саладағы жаңалыққа алғырлық. Орындалған жұмыстардың нәтижесіне, өз қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігіне жауапкершілік. Өрт сөндіру-техникалық қару-жараққа, авариялық-құтқару құрал-саймандарына, жабдықтар мен жарақтарға, арнайы агрегаттарға техникалық қызмет көрсету. Қиындық: қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасындағы ұзақ жұмыс, қол және механикаландырылған жабдықтарды пайдалану

Білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі іс-әрекет тәсілдерін таңдау, сондай-ақ алынған нәтижелерді ескере отырып, қызметті түзету.
Қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бағалау, өзін-өзі аңықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және іс-әрекетін түзеу дағдыларын көрсетеді.

Еңбек қызметінде пайдаланылатын құрал-саймандар мен жабдықтарды, материалдарды пайдаланудың, оларға техникалық қызмет көрсетудің, орнын ауыстырудың, сақтаудың және жинаудың негізгі қағидаттарын білу.

3

3.3

Дербес: Кәсіби саладағы жаңалыққа алғырлық, соңғы нәтижеге бағттаушылық. Өз жұмысын немесе командада мақсатты ұйымдастыру қабілетінің дамуы. Орындалған жұмыстардың нәтижесіне, өз қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігіне жауапкершілік. Өрт сөндіру-техникалық қару-жараққа, авариялық-құтқару құрал-саймандарын, жабдықтар мен жарақтарға, арнайы агрегаттарға техникалық қызмет көрсету. Қиындық: тыныс алуға қолайсыз жоғары температурадағы жұмыс, қол және механикаландырылған жабдықты пайдалану.

Қойылған міндеттерді орындаудың дербес тәсілдерін, еңбек пәнін және құралдарын, бағалау қағидаттарын, өлшеу әдістерін айқындайды.

Еңбек қызметіндегі өнімдерді және басқа да материалдарды қолдану қағидалары мен талаптарын білу. Еңбектің жоспарлауды және ұйымдастыруды, заттың өрнектеулері технологияларын білу.
Құжаттаманың сапасына және жүргізілуіне бақылау жүргізу рәсімін біледі.

4

4.1
 
 

Дербес: басшылықпен тапсырмаларды іске асыру бойынша орындаушылық-атқарушылық қызмет. Командада жұмыс істей білу.
Функционалдық міндеттер шеңберінде қажетті ресурстарды, белгіленген нәтижелерге дербес жетуге арналған уақытты бағалауға және айқындауға, өз денсаулығы мен басқалардың қауіпсіздігіне жауапкершілік.
Қиындық: қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасындағы ұзақ жұмыс. Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпті факторлар ықпалы.
Қол және механикаландырылған жабдықтарды, авариялық-құтқару жұмыстарының технологиясын пайдалану.
 
 

Жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін әртүрлі практикалық үлгілерді шешу.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында басшылықпен дербес жоспарлауда, жұмыстарды орындауда және жұмыс процестері мен жұмыс нәтижелерін бағалауда практикалық және танымдық дағдылардың кең қатарын қолданады.
 
 

Кәсіби білім процесінде және (немесе) өз бетінше алған практикалық тәжірибесі негізінде қызметті жүзеге асыруға арналған білім.
 
 


4.2

Дербес: Қойылған міндеттерді есепке ала отырып, қызмет міндеттерін айқындау және жоспарлау. Төтенше жағдайлардағы жұмыс кезінде туындаған міндеттерді шешу.
Жауапкершілік: Ықтимал төтенше жағдайлардағы жұмыс кезінде тікелей басшылықпен балама іс-әрекет пен өзара іс-әрекетті айқындайды және келіседі.
Қиындық: қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасындағы ұзақ жұмыс. Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпті факторлар ықпалы.
Қол және механикаландырылған жабдықтарды, авариялық-құтқару жұмыстарының технологиясын пайдалану.

Қызметтерді жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау.
Алынған тапсырманы нақтылайды, жұмыс барысын жоспармен салыстырады және есепке алады, жұмыс нәтижелерінің сапа нормаларына сәйкестігін бақылайды, білім мен дағдылардың жетіспеушілігін айқындайды, кәсіби деңгейін арттыруға жетекшілік етеді.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында пайдаланылатын негізгі құрал-саймандар мен жабдықтарды, құрал-саймандар мен жабдықтарға, материалдарға техникалық қызмет көрсетудің, оның орнын ауыстырудың және сақтаудың қағидаттарын біледі. Жұмыс процесі, рәсімдерді бақылау, сапасы, құжаттау және есепке алу бойынша білімнің кең спекторын меңгерген.


4.3

Дербес: жұмыс процесін басқара білу, логикалық ойлау қабілетін пайдалана отырып, проблемалардың шешімін табу.
Өз жұмысына, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне жауапкершілік.
Қиындық: қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасындағы ұзақ жұмыс. Төтенше жағдайлардың және өндірістің қауіпті факторларының ықпалы.

Қызметке ағымдағы және қорытынды бақылау және түзету.
Сапа мониторингін және бағасын есепке ала отырып, жоспар бойынша нәтижелерге қол жеткізу мақсатында, жұмысты орындау үшін қажетті кәсіби қызметтің жұмыс фазаларын, талап етілетін ресурстар мен уақытты айқындайды.
Білімдер беруді қолдануға негізделген стандартты рәсімдерден ауытқу кезінде пайда болатын проблемаларды шешеді.

Кәсіби міндеттерді, этика нормаларын және психологиялық қарым-қатынастың әдістерін, қағидаттары мен тәсілдерін, еңбек мотивациясы мен ынталандыру тәсілдерін, заңнамалық нормаларды біледі

5

5.1
 
 

Дербес: Нақты жұмыс учаскесінде қызметкерлер тобының іс-әрекеті нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, оларға басшылық ету. Жұмыс барысын қадағалап, нақты және нәтижелі нұсқама береді.
Жұмысшылардың техникалық дайындығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне, қауіпсіздік шараларының сақталуына жауапкершілік.
Еңбек және оқу қызметіндегі процесті дербес басқару және бақылау қабілеті.
Қиындық: қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасындағы ұзақ жұмыс. Төтенше жағдайлардың және өндірістің қауіпті факторларының ықпалы. Арнайы жабдықтар мен құралдарды, авариялық-құтқару жұмыстарының технологиясын пайдалану.
 
 

Әртүрлі шешу тәсілдерін болжайтын практикалық міндеттерді шешу және таңдау.
Командалық жұмыс контексінде қызметті стратегиялық жоспарлауда, жұмысын бағалауда, жағдайды талдауда, өзін-өзі талдауда, шешім қабылдауда және олардың іске асуы үшін жағдай жасауда, қызметті бақылау және түзетуде практикалық және танымдық дағдыларды қолданады.
Кәсіби қызмет шеңберінде құжаттайды және есепке алады.
 
 

Кәсіби (практикалық және теориялық) білім мен практикалық тәжірибе (немесе кәсіби саладағы практикалық және теориялық білім диапазонының кеңдігі).
Кәсіби жағдайларды жүйелі талдау және жобалау әдістемесі, басқарушы шешімдерді қабылдау тәсілдері, адамзат ресурстарын басқару, кәсіби қызмет шеңберінде нәтижелерді стратегиялық жоспарлау туралы жан-жақты білім игерген.
 
 


5.2

Дербес: төтенше жағдайлар кезіндегі жағдайды талдау әртүрлі факторларды тереңінен бағалауды талап ететін, қиын тапсырмалармен жұмыс істеуді болжайтын орындаушылық-басқару қызметі.
Жауапкершілік: жұмысшылардың техникалық дайындығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне, қауіпсіздік шараларының сақталуына толық көлемде жауапкершілікте болады.
Қиындық: тыныс алуға қолайсыз  қауіпті аймақтардағы жұмыс.

Шығармашылық тәсіл (немесе білу және дағды) теориялық және практикалық білімді қолдана отырып, кәсіби проблемаларды шешудің әртүрлі, оның ішінде балама нұсқаларын өз бетінше әзірлеу және ұсыну.
Өндірістік процеске, жұмыс процесін бақылауға және сапасына, шығындарға бюджеттеу жүргізуге, құжаттаманы жүргізуге және бухгалтерлік есепке басқарушылық жоспарларды әзірлеу және әртүрлі балама нұсқаларын көрсету

Кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу.
Жұмыс процесінде бірқатар міндеттерді айқындайды және негізгі жоспарлау процестерін және жоспардың өзгеруін есепке алады.


5.3

Дербес: Қойылған міндеттерді есепке ала отырып, дербес жоспарлау және ортаның кейбір болжап болмайтын ортасындағы құрылымдық туындаған мәселелерді шешу. Қойылған міндеттерді шешудегі дербестік.
Жауапкершілік: техникалық дайындыққа, арнайы авариялық-құтқару жабдықтарының жағдайына, жұмысшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, қауіпсіздік шараларының сақталуына толық көлемде жауапкершілікте болады.
Қиындық: Тыныс алуға жарамсыз қауіпті аймақтарда, жоғары температурадағы жұмыс.

Ағымдағы және қорытынды бақылау, қызметті бағалау және түзету.
Мұқият ресурстық жоспарлау, мониторинг процесі, сапаны анықтау және бағалау жолымен болжаған нәтижелерге қол жеткізеді.
Тапсырылған нормадан ауытқыған жағдайда шешім қабылдайды; өзгерістерді басқару, проблеманы шешу және балама шешімдерді табу мақсатында объектіде жұмысты қайта ұйымдастыра алады.

Кәсіби жағдайларды жүйелі талдау және жобалау әдістемесі, басқарушы шешімдерді қабылдау тәсілдері, адамзат ресурстарын басқару, кәсіби қызмет шеңберінде нәтижелерді стратегиялық жоспарлау туралы жан-жақты білім игерген

6

6.1

Дербес: бөлімшенің нақты жұмыс учаскесіндегі нәтижеге жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерге (топқа) басшылық.
Қызметкерлерді басқарады және жекелеген жұмысшылар мен командалардың міндеттерді орындауын қадағалайды.Төтенше жағдайларда сөндіру және адамдарды құтқару бойынша жұмыстарды жүргізу процесттерін бақылайды.
Төтенше жағдайларда арнайы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге жауапкершілік. Персоналдың кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру бойынша шешім қабылдайды. Қиындық: қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасындағы ұзақ жұмыс. Төтенше жағдайлардың және өндірістің қауіпті факторларының ықпалы. Қол және механикаландырылған жабдықтарды, авариялық-құтқару жұмыстарының технологиясын пайдалану.

Шешудің әртүрлі тәсілдерін және таңдауды болжайтын белгілі білім саласына жататын технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы проблемаларды шешу.

Арнайы (практикалық және (теориялық) білім (оның ішінде инновациялық) мен практикалық тәжірибенің синтезін талап ететін қызмет. Көзқарастар коммуникацияларын және келісу әдістерін айқындайды.
Белгілі бір кәсіби қызмет саласында еңбек қызметін орындау үшін талап етілетін технологиялық, материалдық және адам ресурстарының табиғатын, қолданылуын және қаржылық зардаптарын түсінеді.

7

7.1

Дербес: бөлімше немесе ұйым деңгейіндегі нәтижеге жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлердің (топтың) қызметіне басшылық. Персоналдың кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру бойынша шешім қабылдайды.
Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге және денсаулықты сақтауға жауапкершілік.
Соңғы нәтижеге бағытталған жұмыс әдістерін енгізу. Төтенше жағдайларда арнайы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету.Персоналдың шеберлігін және біліктілігін арттыру бойынша шешім қабылдайды
Қиындық: төтенше жағдайлардағы жұмыс, қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасындағы жұмыс әдістерін жетілідіру бойынша шешімдерді талдау және пысықтау. Төтенше жағдайлардың қауіпті факторлар ықпалы.
Байланыс пен басқарудың арнайы жабдықтары мен құралдарын, авариялық-құтқару жұмыстарының технологиясын пайдалану.
 
 

Жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық және әдістемелік сипаттағы проблемаларды шешу.

Кәсіби немесе ғылыми білімді (оның ішінде инновациялық) және белгілі салада және/немесе облыс және сала торабындағы тәжірибені синтездеу.


7.2

Дербес: ғимараттар мен құрылыстардың сәулет ерекшеліктерін білуді болжайтын орындаушылық-басқарушылық қызмет. Персоналдың кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру бойынша шешім қабылдайды.
Жауапкершілік: төтенше жағдайларда арнайы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге жауап береді.
Қиындық: төтенше жағдайлардағы жұмыс, қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасындағы жұмыс әдістерін жетілдіру бойынша шешімдерді пысықтау. Төтенше жағдайлардың қауіпті факторлар ықпалы.
Байланыс пен басқарудың арнайы жабдықтары мен құралдарын, авариялық-құтқару жұмыстарының технологиясын пайдалану.

Бөлімшенің немесе ұйымның қызметін түзету.
Басқару міндеттерін орындау үшін ағымдағы зерттеулер және әзірлемелер жасайды.

Тар шеңбердегі мамандандырылған кәсіби қызметтерді орындау үшін талап етілетін технологиялық, заттық және адамзат ресурстарының табиғатын, қолданысын және қаржылық салдарын түсінеді.


7.3

Дербес: Құрылымсыз, болжап болмайтын ортада бөлімшелер немесе ұйымдар деңгейінде нәтижеге деген жауапкершілікті қабылдай отырып, бөлімшелердің немесе ұйымдардың болжанатын және айқындалатын ұйым қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет.
Жауапкершілік: төтенше жағдайларда арнайы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының жағдайына жауап береді.
Қиындық: төтенше жағдайларда жұмыс әдістерін жетілдіру бойынша шешімдерді талдайды және пысықтайды. Төтенше жағдайлардағы қауіпті факторлар ықпалы.

Мақсат қоюды ғылыми негіздеу және оларға қол жеткізудің әдістері мен құралдарын таңдау білігі мен дағдысы.
Сала құрылымының жұмыс істеу және даму стратегиясын құру, нәтижеге қол жеткізуге шарттар мен жауапкершілікті ұйымдастыру болжанады.

Стратегиялық тәсілдерді қолдана отырып, міндеттер мен проблемаларды шешу тәсілдерін айқындайды Қалай өлшеуді, қалай мейлінше азайтуды және тәуекелді қалай басқаруды түсінеді.

8

8.1
 
 
 

Дербес: стратегияны айқындау, ірі төтенше жағдайлар деңгейінде шешім қабылдаумен және жауапкершілікпен қызметті басқару.
Жауапкершілік:
Саладағы төтенше жағдайларды жою кезінде инновациялық әдістерді жоспарлап, әзірлейді, төтенше жағдайларда арнайы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті, адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету.
Қиындық: жаңа және қиын идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу және стратегиялық шешімдер қабылдау.
 
 
 

Жаңа білім мен жаңа шешімдер алуға жетелейтін жобаларды зерттеу, әзірлеу, іске асыру және бейімдеу.
Ілгері зерттеулер орындайды және нәтижеге бағытталған өзара тиімді шешімдер анықтау және қабылдау үшін дамыған мамандандырған технологияларды пайдаланады.
 
 
 

Ғылым және кәсіби қызмет саласында ең озық деңгейдегі білім.
Кәсіби қызметінде ғылым рубежі бойынша аталған саланың ең озық межесіндегі жаңа күрделі идеяларды өлшемді талдау, бағалау және синтездеу үшін арнайы білімді қолданады.
 
 
 


8.2

Дербес: Болжап болмайтын және құрылымсыз орта шарттарындағы ірі төтенше жағдайлар деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып, процестерді және қызметті басқару стратегиясын айқындауды болжайтын басқарушылық қызмет.
Персоналдың кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру бойынша шешім қабылдайды.
Жауапкершілік: төтенше жағдайлар саласында жаңа технологияларды енгізу бойынша нақты шешімдер қабылдайды.
Қиындық: жаңа және қиын идеяларды талдау, бағалау және синтездеу және стратегиялық шешімдер қабылдау.

Синтездеу мен бағалауды қоса алғанда, зерттеулердегі және/немесе жаңалықтардағы сыни проблемаларды шешу үшін талап етілетін және бар білімді немесе кәсіби тәжірибені қайта қарауға және жаңартуға мүмкіндік беретін дағды мен білім.
Стратегиялық ойлауды, логикалық әдістерді, өзара тиімді шешімдер инновациялық технологияларын пайдалан отырып, ауқымды білімдер және дағдылар қолданады.

Қызметті дамыту үшін қажетті ақпаратты бағалау және іріктеу. Инновациялық-кәсіби қызмет саласындағы әдістемелік білім.


8.3

Дербес: өзгерістерді басқару қабілетінің дамығандығы, белгісіз жағдайларда жұмыс істеу, қиын шешімдерді, сондай-ақ деректерді жеткіліксіз кезде шешімдерді жылдам қабылдау, тұрақты көшбасшылықты көрсету.
Жауапкершілік: төтенше жағдайлар саласында жаңа технологияларды енгізу бойынша нақты шаралар қабылдайды.
Қиындық: жаңа және қиын идеяларды талдау, бағалау және синтездеу және стратегиялық шешімдер қабылдау.

Ауызша немесе жазбаша түрде кәсіби дискуссияларға қатысу, соңдай-ақ халықаралық академиялық басылымдарда зерттеулердің бастапқы нәтижелерін жариялау.
Салада шеңберлерде өзара әрекеттесулер үлгілері құрастыруы жүзеге асырып жатыр немесе халықаралық инновациялық стандарттардан басқа салалармен қолданады.

Корпоративтік жүйелердің қалыптасу табиғатын түсінеді және әлеуметтік және экономикалық жүйелермен өзара іс-қимылды, модельдеуді және басқаруды түсінеді


8.4

Дербес: ұзақ мерзімді және қиындық келтіретін міндеттерді шеше білу, әртүрлі ақпаратты талдау, мотивацияны жоғалтпай және сапаға зиын келтірмей қауіп-қатерді таразылау. Әртүрлі деңгейдегі командаларды қалыптыстырып, дамыта білу.
Жауапкершілік: команданың дайындық деңгейін арттыру, төтенше жағдайлар кезінде қиын және маңызды шешімдер қабылдау.
Қиындық: жаңа және қиын идеяларды талдау, бағалау және синтездеу және стратегиялық шешімдер қабылдау

Идеялар ойлап табу, инновациялық қызметтiң нәтижелерiн болжау, кәсiби және әлеуметтiк салада кең ауқымды өзгерiстердi жүзеге асыру, күрделi өндiрiстiк және ғылыми процестердi басқару дағдылары.
Кәсіби және әлеуметтік салада кең ауқымды өзгерістерді жүзеге асырады және күрделі өндірістік және ғылыми процесстерді басқарады.

Кәсіби қызмет саласындағы терең және толық білім

Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою саласындағы салалық  
біліктілік шеңберіне     
2-қосымша            

Біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші

Біліктілік деңгейі

Біліктіліктің тиісті деңгейіне жету жолдары

1

Практикалық тәжірибе және/немесе жұмыс орнында қысқа мерзімді оқыту (нұсқау) және/немесе бастауыштан кем емес орта білімі болған кезде қысқа мерзімді курстар.

2

Практикалық тәжірибе және/немесе негізгі орта білімнен кем емес жалпы орта білімі болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемесі негізінде қысқа мерзімді курстар немесе корпоративті білім беру)

3

Негізгі орташа білім беру базасында практикалық тәжірибесіз жалпы орташа білімі немесе техникалық және кәсіби білім болған кезде кәсіби дайындық (бір жылға дейін немесе кәсіпорында оқу).

4

Жалпы орта білім, жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық)6 практикалық тәжірибе.

5

Техникалық және кәсіби білім (орта буын маманы), ортадан кейінгі білім, практикалық тәжірибе, немесе жоғары білім.

6

Жоғары білім, практикалық тәжірибе.

7

Жоғары білім, практикалық тәжірибе. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе.

8

Осы біліктілік деңгейінде жоғары білім «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы қабылданғанға дейін алынған жоғары білімді, сондай-ақ осы заңда белгіленген білім деңгейіне сәйкес айқындалған жоғары білімнен кейінгі білімді қамтиды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады