"Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 475, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 32 және "Жол полициясының тексерісі бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы" 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 476,2010 жылғы 5 ақпандағы № 33 бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 843 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 696 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      «Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 475 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 32 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6055 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл, № 10 (2010 жылғы 7 шілде);
      2) «Жол полициясының тексерісі бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 476 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 33 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6056 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл, № 10 (2010 жылғы 7 шілде).
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі          Ішкі істер министрі
      ________________ Е. Досаев         ________________ Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады