1. Нұра ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы "Балықтыкөл ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 13/01 қаулысымен белгіленген шектеу іс-шаралары тоқталсын.
2. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы "Балықтыкөл ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 3299 болып тіркелген, 2015 жылы 4 шілдедегі № 27 аудандық "Нұра" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 28 тамызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндеттерін атқарушысы Нұралы Нұрмақұлы Қалиевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Қ. Бексұлтанов |