Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 33/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нұра ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы "Балықтыкөл ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 13/01 қаулысымен белгіленген шектеу іс-шаралары тоқталсын.
      2. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы "Балықтыкөл ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 3299 болып тіркелген, 2015 жылы 4 шілдедегі № 27 аудандық "Нұра" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 28 тамызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндеттерін атқарушысы Нұралы Нұрмақұлы Қалиевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі Қ. Бексұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады