Балықтыкөл ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 13/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 маусымда № 3299 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 33/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 24.12.2015 № 33/01 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез анықталғанына байланысты, Балықтыкөл ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімінің орынбасары Хаким Айдарұлы Бековқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Қ. Бексұлтанов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады