1. Қызылорда қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Кейбір мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 1592 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4605 нөмірімен тіркелген, "Ақмешiт апталығы" газетінде 2014 жылғы 06 наурыздағы №9, "Кызылорда Таймс" газетінде 2014 жылғы 06 наурыздағы №10 жарияланған);
2) "Қызылорда қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 01 шілдедегі № 2048 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4734 нөмірімен тіркелген, "Ақмешiт апталығы" газетінде 2014 жылғы 06 тамыздағы №43, "Кызылорда Таймс" газетінде 2014 жылғы 06 наурыздағы №32 жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
ҚАЛА ӘКІМІ | Н. НӘЛІБАЕВ |