Қызылорда қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 2787 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылорда қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Кейбір мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 1592 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4605 нөмірімен тіркелген, "Ақмешiт апталығы" газетінде 2014 жылғы 06 наурыздағы №9, "Кызылорда Таймс" газетінде 2014 жылғы 06 наурыздағы №10 жарияланған);
      2) "Қызылорда қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 01 шілдедегі № 2048 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4734 нөмірімен тіркелген, "Ақмешiт апталығы" газетінде 2014 жылғы 06 тамыздағы №43, "Кызылорда Таймс" газетінде 2014 жылғы 06 наурыздағы №32 жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      ҚАЛА ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады