Қызылорда қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 01 шілдедегі N 2048 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 шілдеде N 4734 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы N 2787 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 23.01.2015 N 2787 қаулысымен (қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 және 27-баптарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қызылорда қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Ахатовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "01" шілдедегі
№ 2048 қаулысына қосымша

Қызылорда қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар

      1. Ғани Мұратбаев және Қожа Ахмет Ясауи көшелері қиылысының солтүстік жағы;
      2. Әбілхайырхан көшесінің бойы (3-ірілендірілген квартал, № 5 үйге қарсы алаң);
      3. "Мерей" мөлтек ауданында орналасқан "Сырдария" сауда үйі мен "Думан" мейрамханасының арасындағы алаң.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады