1. Аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылсын:
1) 2014 жылғы 23 шілдедегі № 315-V "Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыру тағайындау туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2968 болып енгізілген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2014 жылдың 21 тамызда № 32 санында жарияланған);
2) 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №363-V "Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3084 болып енгізілген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2015 жылдың 29 қаңтарда № 4 санында жарияланған);
3) 2015 жылғы 3 ақпандағы № 374-V "Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 363-V "Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3101 болып енгізілген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2015 жылдың 21 ақпанда № 8 санында жарияланған).
2. Осы шешім аудандық "Серпер" үнжариясына жариялансын.
Аудандық мәслихаттың ХХХХ сессиясының төрағасы |
Р. Габдушова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Сұлтанияев |