РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 15.09.2015 № 447-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үйде оқитын мүгедек балаларға ай сайын 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық қамсыздандыру тағайындалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Ш.Жәлелов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихаттың
ХХХ сессиясының төрағасы Н. Хұсайнов
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев