Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 447-V шешімі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылсын:
      1) 2014 жылғы 23 шілдедегі № 315-V "Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыру тағайындау туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2968 болып енгізілген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2014 жылдың 21 тамызда № 32 санында жарияланған);
      2) 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №363-V "Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3084 болып енгізілген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2015 жылдың 29 қаңтарда № 4 санында жарияланған);
      3) 2015 жылғы 3 ақпандағы № 374-V "Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 363-V "Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3101 болып енгізілген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2015 жылдың 21 ақпанда № 8 санында жарияланған).
      2. Осы шешім аудандық "Серпер" үнжариясына жариялансын.
      Аудандық мәслихаттың ХХХХ
сессиясының төрағасы
Р. Габдушова
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады