Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 438 қаулысы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы орынбасары Б.Жылқышиевқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Б.Атамқұлов

      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «28» желтоқсандағы
№ 438 қаулысына қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр күші жойылған нормативтік құқықтық қаулыларының тiзбесi

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» № 426 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000-нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
      2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 426 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 218 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2771-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 21 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
      3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 426 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгерістер» № 396 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2936-нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 7 қаңтарда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
      4. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 18 қарашадағы «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» № 325 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2424-нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 13 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады