Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мыналардың:
1) "Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3989, 2015 жылғы 22 маусымдағы № 70 (17159) "Дидар", 2015 жылғы 23 маусымдағы № 72 (19671) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
2) "Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 111 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3983, 2015 жылғы 17 маусымдағы № 68 (17157) "Дидар", 2015 жылғы 16 маусымдағы № 69 (19668) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |