Округ әкімінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 15 тамыздағы № 4 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 22 шілдедегі № 1 шешімі

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

            Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті Жарма аудандық аумақтық инспекция басшысының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 425 ұсынысына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:

      1. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 23 қыркүйекте № 3491 болып тіркелген (2014 жылдың 26 шілдесіндегі № 58 (8731) "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған), Қалбатау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 15 тамыздағы № 4 "Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы Ж. Келденов және Достық көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміндегі № 83286) шешімінің күші жойылсын.

      2. "Жарма ауданының Қалбатау ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маман –заңгері С. Косабаева осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      3. Шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      Округ әкімі С. Торгаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады