1.Қарғалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 49 "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4778 болып тіркелген, аудандық Қарғалы газетінде 2016 жылғы 14 сәуірде № 22 (4892) және 2016 жылдың 07 сәуірінде "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) және 2016 жылғы 18 ақпандағы № 63 "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4779 болып тіркелген, аудандық Қарғалы газетінде 2016 жылғы 14 сәуірде № 22 (4892) және 2016 жылдың 06 сәуірінде "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Байсеуповке жүктелсін.
Қарғалы ауданының әкімі | Р.Сыдықов |