Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.Жылқыбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы ауданының әкімі | Р.Сыдықов |
Қарғалы ауданы әкімдігінің | |
2016 жылғы 12 ақпандағы | |
№ 49 қаулысымен | |
БЕКІТІЛГЕН |
"Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ 1.Жалпы ережелер
"Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қарғалы ауданының аумағында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады."Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
"Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне және басқа да заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
"Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті "Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің Қарғалы аудандық қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінде шоттары бар.
"Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
"Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
"Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
"Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 030500, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, 38 үй.
Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Осы Ереже "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы "Қарғалы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
"Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
"Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
"Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан аумағында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету."Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) аудандағы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туристік қызмет, индустриалдық - инновациялық даму, инвестициялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2) аудандағы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туристік қызмет, индустриалдық - инновациялық даму, инвестициялық қызметтің даму жағдайына талдау;
3) аудандағы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туристік қызмет, индустриалдық - инновациялық даму, инвестициялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
4) несиелік, инвестициялық және сауда саясатын сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жекешелендіру саясатын қалыптастыруға қатысу;
5) ауданның азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайына мониторинг жүргізу.
16. Функциялары:
"Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңмен белгіленген тәртіпте және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды іске асырады:
1) аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туристік қызмет, индустриалдық - инновациялық даму, инвестициялық қызмет саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
2) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі мемлекеттік тапсырыстар мен бағдарламаларды орындауға тарту тәртібін анықтауға қатысады;
3) ауданның кәсіпкерлік, аграрлық сектор, туристік қызмет, индустриалдық - инновациялық даму, инвестициялық қызметінің дамуына талдау, болжам жасау және мониторинг жасау;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін мемлекеттік қолдауды іске асырады;
5) өсімдік шаруашылығындағы шаруашылық етуші субъектілерді міндетті сақтандыру келісім-шарттарын жасауды ұйымдастырады және қатысады;
6) сақтандыру рыногына қатысушылар мен агенттен қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратады;
7) агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру;
8) ауылдағы шаруашылық етуші субъектілердің экономикалық қызметі механизмін әзірлеу мен жетілдіруге қатысу;
9) ауыл шаруашылығы өнімдері сапасының стандарттарын және оның қайта өңдеу нәтижелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
10) ауданның аграрлық секторында басқарудың ақпараттық маркетингтік жүйесін ендіру, нарықтық инфрақұрылымды дамыту;
11) ауданның азық-түлік дақылымен және оның қайта өңделген өнімдерімен қамтамасыз етілуіне мониторинг жасау;
12) дәнді дақылдар нарығына қатысушылардан дақылдың бар-жоғына және қозғалысына ақпарат жинау;
13) ауыл шаруашылығы құрылымдарының егіс алқаптары, шығымдылық пен дақылдардың жалпы өнімі жөнінде ұсынған деректеріне мониторинг жүргізу;
14) ауыл шаруашылығы құрылымдарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу технологияларын сақтауларына мониторинг жүргізу;
15) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге зиянды организмдер мен жануарлардың ауруларына қарсы фитосанитарлық шараларды жүргізуге кеңестік көмек көрсету;
16) өсімдіктерді қорғау мен карантиндеу саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені тарату;
17) селекциялық-асыл тұқымдандыру жұмыстарын, тұқым шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сатуға қатысу мен ұйымдастыру;
18) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу мен сатудың тиімді, бәсекеге қабілетті технологиясын ендіруге жәрдем ету;
19) қолдан ұрықтандыру және табынды қайта құрудағы алдыңғы қатарлы технологияларды ендіру есебінен асыл тұқымды жоғары өнімді малдарды сақтау және мал басын көбейту;
20) қойларды механикаландырып қырқу, жем-шөп дайындау мен қамтамасыз ету, мал сою жөніндегі қызметтерді көрсетуге мамандандырылған сервис-орталықтарын құруға жәрдем ету;
21) аудан шаруашылықтарында орта-ірі тауар өндірістерін әрі қарай дамыту жөніндегі перспективалы бизнес-жобаларды ендіруге жәрдем ету;
22) қызмет механизмдерін субсидиялауды жетілдіруге бағытталған:
- ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге арналған асыл тұқымды өнімдерді сатып алу және қол жетімділігін қамтамасыз етуге;
- жануарлардың барлық түрлерінің жоғары сыныпты асыл тұқымды аналық бастарын сақтау және тиімді пайдалануға;
- жергілікті бюджет қаражаттарынан асыл тұқымды мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамытуға бағытталған қызметтерді субсидиялау механизмдерін жетілдіру;
23) орта-ірі тауар өндірістері мен аграрлық құрылымдарды мамандармен кадрлық қамтамасыз ету бойынша жәрдем ету;
24) ауданның аграрлық азық-түліктік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін импортқа шығару мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін шараларын іске асыру;
25) қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қызметінің жағдайы мен нәтижелеріне мониторинг жүргізу;
26) қаржы, банк мекемелерімен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелеу және қаржыландыру жұмыстарын ұйымдастыру;
27) жануарларды өсіру, дайындау (сою), сақтау, қайта өңдеу және сату, мал өнімдері мен шикізаттарын сатуды іске асыратын нысандарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияны ұйымдастырады;
28) агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік техникалық инспекциясын іске асырады;
29) аудан шаруашылықтарында ауыл шаруашылығы техникаларының бар-жоғына, қажеттілігіне және сатып алынуына мониторинг;
30) ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені ендіру;
31) ауыл шаруашылығы құрылымдары, шаруа қожалығы басшылары мен мамандарын оқыту мен қайта даярлауды ұйымдастыру;
32) ауыл шаруашылығы техникаларының көктемгі-егіс жұмыстарына жөнделуі мен даярлығының есебін жүргізу;
33) тракторлар және олардың базасында дайындалған өзі жүретін шасси мен механизмдерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративті және жол-құрылыс көліктері мен механизмдері, сондай-ақ, жол талғамайтын арнаулы көліктерді басқару құқығына куәлік беру;
34) тракторлар және олардың базасында дайындалған өзі жүретін шасси мен механизмдерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративті және жол - құрылыс көліктері мен механизмдері, сондай-ақ, жол талғамайтын арнаулы көліктерді сенім хат бойынша басқаратын тұлғаларды тіркеу;
35) тракторлар және олардың базасында дайындалған өзі жүретін шасси мен механизмдерді, олардың арнаулы жабдықтары тіркелген тіркемелері, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративті және жол-құрылыс көліктері мен механизмдері, сондай-ақ, жол талғамайтын арнаулы көліктерді жыл сайынғы мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу;
36) тракторлар және олардың базасында дайындалған өзі жүретін шасси мен механизмдерді, олардың арнаулы жабдықтары тіркелген тіркемелері, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративті және жол-құрылыс көліктері мен механизмдері, сондай-ақ, жол талғамайтын арнаулы көліктерді тіреку нөмірлерін беріп тіркеу, қайта тіркеу;
37) тракторлар және олардың базасында дайындалған өзі жүретін шасси мен механизмдерге, олардың арнаулы жабдықтары тіркелген тіркемелерге, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративті және жол-құрылыс көліктері мен механизмдеріне, сондай-ақ, жол талғамайтын арнаулы көліктерге кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тіркеу мен беру;
38) тракторлар және олардың базасында дайындалған өзі жүретін шасси мен механизмдердің, олардың арнаулы жабдықтары тіркелген тіркемелердің, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративті және жол-құрылыс көліктері мен механизмдердің, сондай-ақ, жол талғамайтын арнаулы көліктердің кепілдікте жоқтығы (барлығы) туралы ақпарат беру;
39) аудандағы кәсіпкерлік, аграрлық сектор мен туризмді қолдау инфрақұрылымдарының құрылуы мен қалыптасуына жәрдем ету;
40) өз құзырының шегінде басым бағыттағы жобаларды қаржыландыру және несиелендіру мәселелері бойынша банктер және қаржы ұйымдарымен өзара әрекет ету;
41) мемлекет меншігіндегі пайдаланылмайтын нысандарды шағын және орта бизнес субъектілеріне жекешелендіру және беру саясатын жүзеге асыруды қалыптастыруға қатысу;
42) кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын қолдау мен дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар мен азаматтардың арыз-шағымдарын қарау;
43) кәсіпкерлік, аграрлық сектор, инвестициялық қызмет, туризм мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
44) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туризм, инвестициялық қызмет мәселелері бойынша форумдар, көрмелер, мәжілістер мен семинарлар ұйымдастыру мен өткізу.
17. Құқықтары мен міндеттері:
"Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін:
заңнамамен, басқа да нормативтік актілермен белгіленген тәртіппен облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардан және басқа мемлекеттік және мемлекеттік
емес құрылымдардан бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде қажетті материалдарды сұратып алуға және тиісінше хат жазысуды жүргізуге;
2) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша болжамдар, бағдарламалар, талдамалы шолулар дайындағанда заңда белгіленген тәртіппен сарапшылар, басқа атқарушы органдардан мамандар тартуға;
3) аймақтық, салалық бағдарламаларды жүзеге асыруға, аталған органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларын мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша тыңдауды іске асыруға;
4) кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын қолдау мен дамыту жағдайына әсер ететін басқа жағдайларда қаржылық-несиелік, инвестициялық, жекешелендіру, салық саясаты мәселелері жөнінде шешімдерді әзірлеуге қатысуға;
5) басқа аудандар мен облыстың тиісті құрылымдарымен іскерлік қарым-қатынас орнату, ақпаратпен және тәжірибе алмасу мақсатында өзара әрекет етуге құқылы.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарғалы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау;
2) бөлімге жүктелген міндеттерді орындауда жеке жауапкершілікте болу;
3) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен құзырларын анықтау;
4) бөлім қызметкерлерін қызмет лауазымына тағайындау және босату;
5) заңмен белгіленген тәртіп бойынша бөлім қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану;
6) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіру;
7) жұмысты болжау, жоспарлау және ұйымдастыра білу;
8) ақпараттық – талдау жұмыстарының түрлері мен әдістерін меңгеру;
9) кәсіпкерлік қызметі және агроөнеркәсіп кешенін қолдау мен дамыту саласында аудандық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
10) ауданда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туристік қызмет, индустриалдық – инновациялық даму, инвестициялық қызмет саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауап беру.
"Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
24.1. "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы "Қарғалы аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.