1. 2016 жылдың 06 сәуірінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына орай Мәртөк ауданы әкімдігінің келесі нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Мәртөк ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 94 "Мәртөк ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3-8-110 енгізілген, 2010 жылдың 22 сәуірінде аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) қаулысы;
2) Мәртөк ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 109 "Мәртөк ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3574 болып тiркелген, 2013 жылдың 16 мамырында аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) қаулысы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Күзембаеваға жүктелсін.
Аудан әкімі | Н. Қалауов |