Мәртөк ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 94 қаулысы. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 сәуірде № 3-8-110 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 252 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 24.06.2016 № 252 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1 тармақшасын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысанына қарамастан ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Әмірғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады