Мәртөк ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 252 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27, 50 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылдың 06 сәуірінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына орай Мәртөк ауданы әкімдігінің келесі нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Мәртөк ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 94 "Мәртөк ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3-8-110 енгізілген, 2010 жылдың 22 сәуірінде аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) қаулысы;
      2) Мәртөк ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 109 "Мәртөк ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3574 болып тiркелген, 2013 жылдың 16 мамырында аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) қаулысы.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Күзембаеваға жүктелсін.
      Аудан әкімі Н. Қалауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады