1. Мұғалжар аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылсын:
1) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 153 "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 129 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 санымен тіркелген және 2014 жылғы 15 мамырдағы № 19 аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған);
2) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 186 "Мұғалжар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 129 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4173 санымен тіркелген және 2015 жылғы 29 қаңтардағы №4 аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Н.Қалиева | С.Салықбаев |