Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы № 295 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұғалжар аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылсын:
      1) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 153 "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 129 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 санымен тіркелген және 2014 жылғы 15 мамырдағы № 19 аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған);
      2) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 186 "Мұғалжар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 129 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4173 санымен тіркелген және 2015 жылғы 29 қаңтардағы №4 аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған).
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Н.Қалиева С.Салықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады