Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 129 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3755 санымен тіркелген, 2014 жылы 13 ақпанында аудандық "Мұғалжар" газетінің № 6 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 8 тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) онкологиялық аурулардан зардап шегуші азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын медициналық мекемелермен берілген тізімдерге сәйкес, жылына 6 айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрайымы | хатшысы |
Ә.Достанова | С.Салықбаев |