1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы "Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" №84 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 20 наурызында № 3107 тіркелген, 2015 жылы 14 сәуірде "Жетісу" мен "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы облысының экономика және бюджеттік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовқа жүктелсін.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |