РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Басқарма басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарына М.С. Бигелдиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "18" ақпан № 84 қаулысымен бекітілді |
"Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Алматы облысының экономика және бюджеттікмемлекеттік жоспарлау басқармасы" мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Алматы облысы аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3.,Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Басқарманың орналасқан жері: индекс: 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 38.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Алматы облысының экономика және бюджеттік мемлекеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттіңкірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Басқарманың миссиясы: Алматы облысы аумағында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттiк басқару функциясын іске асыру.15. Міндеттері:
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара байланыстыра отырып, бюджеттік және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
3) өңірлік даму саласындағы саясатты жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) облыс аумағын дамыту бағдарламасын және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, түзету, жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау;
2) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар аумақтарын дамыту бағдарламаларын және оларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын келісу;
3) Алматы облысының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
4) басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын жүзеге асыру, мониторинг жүргізу;
5) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму серпіні мен деңгейіне талдау жүргізу;
6) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу бойынша жұмыстарды жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамаларға сараптаманы қоспағанда, жалпы таралған пайдалы қазбалар бойынша шарттық құжаттар жобаларына экономикалық сараптаманы жүргізеді;
7) аудандар мен қалалардың кіріс көздері бөлінісінде жергілікті бюджет түсімдерінің көлемін болжау;
8) есептік қаржы жылындағы бюджеттің орындалуын талдау нәтижелерін және мемлекеттік органның бюджет қаражаттарын басқару қызметінің тиімділігін бағалауды ескерумен, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін және бюджеттік бағдарламалары жобаларын қарастыру және олар бойынша қорытындылар қалыптастыру;
9) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражаттарын жұмсаудың басым бағыттары, бюджеттің жоспарлы кезеңге арналған тапшылығы көлемі негізінде жаңа бастамаларға арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығындары лимиттерін, жергілікті бюджет лимиттерін анықтау;
10) облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасында үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің болжамды көлемдерін анықтау;
11) жергілікті бюджет есебінен, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыру көзделетін заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялық жобаларға және бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
12) бюджеттік инвестициялық жобаларды, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттік қатысуы арқылы жүзеге асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды қарастыру және таңдау;
13) жарғылық капиталына облыстық әкімдіктер қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, облыстық мемлекеттік кәсіпорындарды дамыту жоспарларын әзірлеу бойынша әдістемеліктермен қамтамасыз ету;
14) ауылдық жерлерге тұру және жұмыс жасау үшін келген, әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер сұратуға және алуға;
2) өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға;
3) өзінің құзыреті шегінде ұйымдар құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар беруге;
4) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауға;
5) Басқарма құзыретіне жататын облыс әкімінің, әкімдігінің, облыстық мәслихаттың құқықтық және нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға;
6) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тартуға;
7) Басқарма мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;
8) облыстың, аудандар мен қалалардың, елді мекендердің, сондай-ақ экономика секторларының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне мониторинг және талдау жүргізуге;
9) облыс әкіміне, облыс әкімінің жетекшілік жүргізуші орынбасарына, облыс әкімдігінің жиналысына, отырысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы материалдар дайындауға және ұсынуға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Басқарма басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың бірінші басшысын Алматы облысының әкіміқызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
2) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
3) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
4) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
6) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.