«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесi түпкi ұйымдардың стандарттық үлгi туралы бiрыңғай қағидасы» Қазақстан Республикасы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 36 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 277 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрықты баспа және электрондық түрде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Қасымбек