"Өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесi түпкi ұйымдардың стандарттық үлгi туралы бiрыңғай қағидасы" Қазақстан Республикасы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 36 күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 561 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесi түпкi ұйымдардың стандарттық үлгi туралы бiрыңғай қағидасы» Қазақстан Республикасы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 36 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 277 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты баспа және электрондық түрде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады