Өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесi түпкi ұйымдардың стандарттық үлгi туралы бiрыңғай қағидасы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi 1996 жылғы 26 қыркүйектегі 36 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 3 сәуірде N 277 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 561 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.07.2016 № 561 бұйрығымен.

      1. Қолдану саласы

 

     Осы ереже стандартты үлгi түпкi ұйымдарына таралады және

олардың негiзгi әрекеттерiнiң бағытын, еркiн және мiндеттерiн

белгiлейдi.


     2. Шартты белгiлер және ықшамдалған түрлерi


     Стандартты үлгiлер -CY

     Стандартты үлгiлердiң бас орталығы- СYБО

     Мөлшерлi құжат - МҚ

     Өндiрiстiң стандартты үлгiлерi - ӨСҮ

     Өлшем орындаудың әдiсi - ӨОӘ


     3. Жалпы қағида



 
       3.1. Қазақстан Республикасы Мемстандартының келiсуiмен стандартты үлгiнi қолдану және өндiру, әзiрлеу тәжiрибелерiне сүйене отырып, мамандармен қамтамасыз етiлген уақытта, техникалық негiзiн құрып, оның өндiрiстегi қажеттiгiн ескере отырып, түпкi ұйымдар министрлiк, мекемелер жүйесi, мекемелер, қауымдастар, бiрлестiк, кәсiпорын бiрлестiктерi арқылы құралады.
      3.2. Түпкi ұйымдар өзiнше заңды тұлғалар немесе бiр ұйымның қатарында болуы мүмкiн.
      3.3. Түпкi ұйымдарға бекiтiлген стандартты үлгiлердiң (СҮ) топталған тiзбегi және стандартты үлгiлердi (СҮ) өндiру, жаңа өңдеу бағытында құрылған ұйымды мамандандыруды ұйымның өзi анықтауға немесе сол ұйым бағынатын жоғарғы ұйымның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемстандартының келiсiмiмен белгiленедi.
      3.4. Түпкi ұйымдар тiркелуден өтуi тиiстi. Тiркеу жұмысын Қазақстан Республикасының Мемстандарты орнатылған тәртiп бойынша жүргiзедi.
      3.5. Әдiскерлiк басшылық және түпкi ұйымдардың қызметiн үйлестiру жұмысын Қазақстан Республикасы Мемстандарты жүзеге асырады.
      3.6. Түпкi ұйымдар өз жұмыстарын Қазақстан Республикасының заңдарын, стандарттық үлгiнi халықаралық ереже белгiлейтiн мөлшерлi құжат (МҚ), стандарттау, метрология және сертификаттау бағытындағы мемлекет аралығындағы ереженi белгiлейтiн мөлшерлi құжат (МҚ) және өзi бағынатын жоғарғы ұйымның мөлшерлi актiсi белгiлейтiн құжаттарын басшылыққа алып атқарады.
      3.7. Түпкi ұйымдар өзiнiң мамандалған бағытына қарай және топталған тiзбегiмен ғылыми-техникалық және ұйымдастыру-әдiскерлiк жұмыстарымен әзiрлеу, өндiру, қорытындылау және стандарттық үлгiнi (СҮ) қолдануға басшылық етедi.
      3.8. Түпкi ұйымдар стандартты үлгi (СҮ) өнiмдi өндiру, әзiрлеу өндiрiс мекемелерiнiң жұмыстарын үйлестiру мақсатында, өлшенетiн зат пен нәрселердiң, құрамы мен қасиетiн керектi дәлдiлiктi қамтамасыз ету үшiн құрылады.
      3.9. Түпкi ұйымдар стандартты үлгi өнiмдерiн өндiру мен әзiрлеу жұмыстарын жүргiзу үшiн, ол жұмыстарды орнатылған тәртiп бойынша жүргiзу хұқығын беретiн рұқсат қағазын (лицензия) алу керек.
      3.10. Түпкi ұйымдар, осы бiрыңғай қағиданы пайдалана отырып, жұмыс көлемi мен өзгешелiгiне қарай өздерiнiң негiзгi ұйым қағидасын жазып шығарады, оны стандартты үлгiлердiң бас орталығымен (СҮБО) келiскеннен соң өз басшылары бекiтедi.
 
      4. Түпкi ұйымдардың негiзгi мақсаты
 
      4.1. Түпкi ұйымдардың негiзгi мақсаттарына жататындары:
      4.1.1. Стандартты үлгiнi (СҮ) қолдана отырып, нәрсе мен заттардың құрамын және қасиетiн метрологиялық өлшеммен қамтамасыз ету мақсатында өңдеу және iске асыру негiзгi бағытын дамыту;
      4.1.2. Бекiтiлген тiзбек бойынша стандартты үлгiнi (СҮ) жасау және қолдану жұмысында өндiрiс пен ұйымдарға ғылыми-техникалық және ұйымдастыру-әдiскерлiк көмек көрсету;
      4.1.3. Бекiтiлген тiзбек бойынша стандартты үлгiнiң (СҮ) барлық санатын қорытындылау, дайындау және әзiрлеу;
      4.1.4. Стандартты үлгi (СҮ) жасауда бiрыңғай саясат жүргiзiлуiн бақылау;
      4.1.5. Өндiрiсте ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу және стандартты үлгiнi (СҮ) мамандандыруына қарай қолдану.
 
      5. Түпкi ұйымның негiзгi қызметтерi
 
      5.1. Түпкi ұйымдарға қойылған негiзгi мақсаттар бойынша кейiнгi қызметтердi атқарады:
      5.1.1. Күнделiктi және келешекте қажеттi стандартты үлгi (СҮ) мәлiметтерiн мамандандыруына қарай үйрену, талдау және жинақтап қорыту;
      5.1.2. Өлшем орындаудың әдiсi негiзiнде зат пен нәрсенiң қасиетiн, мамандандыруына қарай стандартты үлгiнiң (СҮ) керектi метрологиялық мiнездемесiн және тiзбегiн анықтайды;
      5.1.3. Түпкi ұйымдардың күнделiктi және болашақ жұмыстарына жоба жасауға ұсыныстар дайындайды;
      5.1.4. Мамандандырылған бағытына қарай стандартты үлгiнi өндiруге және қолдануға ғылыми-зерттеу жұмысын жүргiзедi;
      5.1.5. Стандартты үлгiнiң (СҮ) барлық санатын енгiзудi ұйымдастырады және стандартты үлгiнi (СҮ) қолдануда қойылатын мөлшерлi құжатты (МҚ) қайта қарайды;
      5.1.6. Мамандандырылған бағытына қарай, заттар және нәрселердiң құрамы мен қасиетiн анықтауды метрологиялық қамтамасыз ету үшiн әдiскерлiк және мөлшерлiк құжаттарды (МҚ) жасауға қатысады және өңдейдi;
      5.1.7. Стандартты үлгiге (СҮ) қорытынды беру, зерттеу және өңдеу жұмыстарын iске асырады;
      5.1.8. Стандартты үлгiлердiң бас орталығына (СҮБО) метрологиялық сараптауды өткiзу үшiн стандартты үлгiлердi (СҮ) дайындау және қорытынды жасауға құжат қағаздарды қалыптасқан тәртiп бойынша ұсынады;
      5.1.9. Стандартты үлгiлердi (СҮ) қолдану арқылы өлшем орындаудың әдiсiн (ӨОӘ) метрологиялық қорытындылау жұмысына қатынасады;
      5.1.10. Өндiрiстiк стандартты үлгiлердiң (ӨОҮ) құжаттарын метрологиялық сараптаудан өткiзедi;
      5.1.11. Өндiрiстi стандарттық үлгiлердiң (ӨСР) техникалық тапсырмасын жасауға келiсiм жасайды;
      5.1.12. Стандартты үлгiлердi (СҮ) өңдеу, өндiру және қорытынды жасау үшiн мөлшерлi құжаттың (МҚ) сақталуын стандартты үлгiлердi (СҮ) дайындайтын өндiрiс пен ұйымның қызметiне бақылау жасайды.
 
      6. Түпкiлiктi ұйымның мiндетi
 
      6.1. Стандартты үлгi түпкi ұйымдардың мiндетi:
      6.1.1. Осы Бiрыңғай Қағиданы негiзге ала отырып Қағида жасауға;
      6.1.2. Метрологиялық сараптауға берiлетiн қорытындының шындығын және әдiлеттiгiн қамтамасыз етуге;
      6.1.3. Мөлшерлi құжаттың (МҚ) күшi бар талаптарға сәйкес стандартты үлгi (СҮ) жұмыстарын жүргiзуге;
      6.1.4. Мамандықтарына қарай стандартты үлгi (СҮ) хабарларын стандартты үлгiлердiң бас орталығына (СҮБО) жеткiзуге.
      7. Түпкi ұйымдардың еркiсi
      7.1. Стандартты үлгi (СҮ) түпкi ұйымдардың еркi бар:
      7.1.1. Өндiрiс пен ұйымдардан стандартты үлгi (СҮ) жасау және қолдану жайында өз мiндетiн атқаруға керектi мәлiметтi сұрауға және алуға;
      7.1.2. Стандартты үлгiнi қолдану, өңдеу, өндiру және қорытындылау бағытында жетiлдiру үшiн ұсыныс беруге;
      7.1.3. Стандартты үлгi (СҮ) мәселесiн мемлекеттiк метрология қызмет ұйымдарымен өзара қатынастыруға;
      7.1.4 Өз жұмысын жарнамалауға.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады