1. Қызылорда қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "2016 жылға Қызылорда қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 4773 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5292 тіркелген, "Ақмешiт ақшамы" газетінде 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 03-04, "Кызылорда Таймс" газетінде 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 1-2, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 ақпанда жарияланған);
2) "2016 жылға Қызылорда қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 4773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 5068 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5423 тіркелген, "Ақмешiт ақшамы" газетінде 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 29-30, "Кызылорда Таймс" газетінде 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 16 жарияланған);
3) "2016 жылға Қызылорда қаласының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 4828 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5327 тіркелген, "Ақмешiт ақшамы" газетінде 2016 жылғы 3 ақпандағы № 11-12, "Кызылорда Таймс" газетінде 2016 жылғы 3 ақпандағы № 6 жарияланған);
4) "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 5069 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5445 тіркелген, "Ақмешiт ақшамы" газетінде 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 33-34, "Кызылорда Таймс" газетінде 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 18 жарияланған).
2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
ҚАЛА ӘКІМІ | Н. НӘЛІБАЕВ |