Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 5069 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 07 сәуірде № 5445 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 04 мамырдағы № 5291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 04.05.2016 № 5291 қаулысымен (қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      "Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексіне, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде 2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
      2. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
      3. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қайруллаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады