Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 123-қ "Мұнайлы ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2261 болып тіркелген, "Мұнайлы" газетінде 2013 жылғы 6 шілдеде жарияланған) қаулысы;
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 нурыздағы № 110-қ "Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Мұнайлы ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2013 жылғы 12 маусымдағы № 123-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2403 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 6 мамырда жарияланған) қаулысы.
2. Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г. Ақниязова) бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Әкім | Н. Тәжібаев |