РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 124-V "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 маусымдағы "Мұнайлы ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 123-қ қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2261 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 шілдеде "Мұнайлы" газетінің № 30 (351) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының кіріспесінде "13 тармақшасына" сөздері "14-1) және 14-3) тармақшаларына" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г.Ақниязова) аталған қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Н. Тәжібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Е. Әбілов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г. Акниязова
31.03.2014 ж.