Мұнайлы ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 123-қ қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 05 шілдеде № 2261 тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 125-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 20.05.2016 № 125-қ қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-1) және 14-3) тармақшаларына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық тартып жүрген, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 31.03.2014 № 110-қ қаулысымен.

      1. Мұнайлы ауданында жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген квотаға сәйкес, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін бос жұмыс орындарына орналасу бағытын қамтамасыз етсін.

      3. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы қаулыны аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қаржы және экономика салаларына басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына (Қ.Оңдабаев) жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндетін атқарушы Қ. Оңдабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      Г.Ақниязова

      12 мамыр 2013 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады