1. Алтынсарин ауданының Димитров ауылдық округіндегі Воробьев ауылында "Айдала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында бруцеллезден сауықтыру бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. "Алтынсарин ауданы Димитров ауылдық округіндегі Воробьев ауылында "Айдала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" Димитров ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 5 шiлде № 6528 тіркелген, аудандық "Таза Бұлақ-Чистый родник" газетінде 2016 жылы 15 шілде № 32 жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
Ауылдық округінің әкімі | Б. Есетаев |