Алтынсарин ауданы Димитров ауылдық округіндегі Воробьев ауылында "Айдала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Димитров ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 шілдеде № 6528 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Димитров ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Димитров ауылдық округі әкімінің 19.07.2016 № 2 шешімімен
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасын 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 31 мамырдағы № 48 ұсынысы негiзiнде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Димитров ауылдық округiнің әкiмi ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алтынсарин ауданы Димитров ауылдық округіндегі Воробьев ауылында "Айдала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ауыл шаруашылық малдарының бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу iс-шаралары белгiленсін.
      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Алтынсарин аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), осы шешiмнен туындайтын қажеттi шараларды қолдану ұсынылсын.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 31 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таралады.
      Димитров ауылдық округінің әкімі Б. Есетаев

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі" мемлекеттiк
      мекемесiнің басшысы
      ________________ А. Ергалиев
      2016 жылы 23 маусым
      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлiгi
      "Ветеринариялық бақылау
      және қадағалау комитетiнiң
      Алтынсарин аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттiк
      мекемесiнiң басшысы
      _______________ Ғ. Сейтханов
      2016 жылы 23 маусым
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігі
      тұтынушылардың құкықтарын
      қорғау комитетінің Қостанай
      облысы тұтынушылардын
      құкықтарын қорғау
      департаментінің Алтынсарин
      аудандық тұтынушылардын
      құкықтарын қорғау басқармасы"
      республикалық мемлекеттiк
      мекемесiнiң басшысының
      міндетін атқарушы
      _______________ Д. Кауменов
      2016 жылы 23 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады