Алтынсарин ауданы Димитров ауылдық округіндегі Воробьев ауылында "Айдала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу iс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Димитров ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасын 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабына 8-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясының басшысының міндетін атқарушы 2016 жылғы 18 шілдедегі № 62 ұсынысы негізінде, Димитров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алтынсарин ауданының Димитров ауылдық округіндегі Воробьев ауылында "Айдала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында бруцеллезден сауықтыру бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары алып тасталсын. 
      2. "Алтынсарин ауданы Димитров ауылдық округіндегі Воробьев ауылында "Айдала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" Димитров ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 5 шiлде № 6528 тіркелген, аудандық "Таза Бұлақ-Чистый родник" газетінде 2016 жылы 15 шілде № 32 жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
      Ауылдық округінің әкімі Б. Есетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады