1. Күші жойылды деп:
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 5 қарашадағы № 205 "Базалық салық ставкасын түзету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-12-125 болып тіркелген, 2009 жылдың 26 қарашасында № 47 "Айна" газетінде жарияланған):
Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 29 ақпандағы № 26 "Мәслихаттың 2009 жылғы 5 қарашадағы № 205 "Базалық салық ставкасын түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-12-180 болып тіркелген, 2012 жылдың 7 наурызында № 10 "Айна" газетінде жарияланған);
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 342 "Мәслихаттың 2009 жылғы 5 қарашадағы № 205 "Базалық салық ставкаларын түзету туралы" шешімі өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5538 болып тіркелген, 2015 жылдың 30 сәуірінде № 17 "Айна" газетінде жарияланған) танылсын.
2. Заңмен белгіленген тәртіпте осы шешімнің көшірмесі әділет органдарына жолдансын және онын бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануы қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Кезектен тыс сессия төрағасы | С. Лысоченко |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Е. Аманжолов |