"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Базалық салық ставкасын түзету туралы" 2009 жылғы 5 қарашадағы № 205 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-125 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 26 қарашада "Айна" аудандық газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының ставкасы 50 пайызға жер салығының базалық ставкасынан жоғарылатылсын:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге (Салық кодексінің 378 бабы);
2) үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда елді мекендердің жерлеріне (Салық кодексінің 381 бабы);
3) елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (Салық кодексінің 383 бабы).".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс | |
сессия төрайымы | М. Тукпатуллина |
Аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | А. Тюлюбаев |