Мәслихаттың 2009 жылғы 5 қарашадағы № 205 "Базалық салық ставкасын түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 342 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 сәуірде № 5538 болып тіркелді. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 437 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 18.01.2016 № 437 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексі 387- бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2009 жылғы 5 қарашадағы № 205 "Базалық салық ставкасын түзету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-125 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 26 қарашада "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Он төртінші
сессия төрағасы
Г. Ягодин
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
Е. Аманжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады