Базалық салық ставкасын түзету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 205 шешімі. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 қарашада № 9-12-125 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 437 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 18.01.2016 № 437 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлеуге бөлу жобалары (схемалары) негізінде Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының ставкасы 50 пайызға жер салығының базалық ставкасынан жоғарылатылсын:
      1) алынып тасталды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 20.03.2015 № 342 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда елді мекендердің жерлеріне (Салық кодексінің 381-бабы);
      3) елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (Салық кодексінің 383-бабы).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2012.02.29 № 26 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кезектен тыс
сессия төрағасы
В. Солдатов
      Аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Төлебаев

      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы қаржы
      Министрлігі Салық комитетінің
      Қостанай облысы бойынша Салық
      Департаментінің Қарабалық ауданы
      бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ Е. Теменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады