1. Аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 шілдедегі "2016 жылға Успен ауданының ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 121/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 26 шілдедегі № 5180 болып тіркелген, "Аймақ ажары" және "Огни села" газетінде 2016 жылғы 13 тамыздағы № 32 номерінде жарияланған);
2) Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 шілдедегі "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және Успен ауданының білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" № 122/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 26 шілдесінде № 5182 болып тіркелген, "Аймақ ажары" және "Огни села" газетінде 2016 жылғы 13 тамыздағы № 32 номерінде жарияланған);
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі | С. Саламацкий |