Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мақсатында Успен ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға арналған Успен ауданының ұйымдарында ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысандарына қарамастан мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ауыр жұмыстар орнынан, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларынан басқа жұмыс орындар квотасы аудандағы жұмыс орындардың жалпы санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселелерге жетекшілік ететін Успен ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Демеуов |