Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 3/354 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
      1) Алматы қаласының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
      2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 2 тамыздағы
№ 3/354 қаулысына қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған
кейбір қаулыларының тізбесі

      1) Алматы қаласы Әкімшілігінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 17 наурыздағы № 322 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" қаулысын жүзеге асыру жөнінде" 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 2/328 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 594 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінде 2004 жылғы 20 мамырда және "Вечерний Алматы" газетінде 2004 жылғы 27 мамырда жарияланған);
      2) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 839 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінде 2010 жылғы 16 наурызда және "Вечерний Алматы" газетінде 2010 жылғы 20 наурызда жарияланған);
      3) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 2/225 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 888 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);
      4) Алматы қаласы әкімдігінің "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2014 жылғы 24 ақпандағы № 1/130 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1026 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Алматы

Постановление акимата города Алматы от 2 августа 2016 года № 3/354

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Признать утратившими силу постановления акимата города Алматы согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление занятости и социальных программ города Алматы" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке в недельный срок:
      1) известить органы юстиции города Алматы о принятии настоящего постановления;
      2) принять меры по опубликованию настоящего постановления в официальных печатных изданиях.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алматы Р. Тауфикова.
      Аким города Алматы Б. Байбек

  Приложение
к постановлению акимата
города Алматы
от 2 августа 2016 года № 3/354

Перечень некоторых постановлений акимата города Алматы,
признанных утратившими силу

      1) постановление акимата города Алматы от 15 апреля 2004 года № 2/328 "О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 17 марта 2004 года № 322 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 594, опубликованное в газетах "Алматы ақшамы" от 20 мая 2004 года и "Вечерний Алматы" от 27 мая 2004 года);
      2) постановление акимата города Алматы от 2 марта 2010 года № 1/144 "Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, в городе Алматы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 839, опубликованное в газетах "Алматы ақшамы" от 16 марта 2010 года и "Вечерний Алматы" от 20 марта 2010 года);
      3) постановление акимата города Алматы от 13 апреля 2011 года № 2/225 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Алматы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 888, опубликованное в газетах "Алматы ақшамы" и "Вечерний Алматы" от 7 мая 2011 года);
      4) постановление акимата города Алматы от 24 февраля 2014 года № 1/130 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1026, опубликованное в газетах "Алматы ақшамы" и "Вечерний Алматы" от 20 марта 2014 года).