Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 2 наурыздағы N 1/144 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2010 жылғы 16 наурызда N 839 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 3/354 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 02.08.2016 № 3/354 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi белгіленсін.
      2. Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 4/313 "2009 жылғы 6 наурыздағы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" Жолдауын жүзеге асыруға халықты жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 817 болып тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің 2009 жылғы 23 мамырдағы № 60 санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2009 жылғы 23 мамырдағы № 59 санында жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М.Мұқашевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми түрде бірінші жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

  Алматы қаласы әкімдігінің
2010 жылғы "2" наурыздағы
№ 1/144 қаулысына қосымша

Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша
тізбесі:

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 2015.02.24 N 1/121 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Колледждерді және кәсіптік лицейлерді бітірушілер.
      2. Ұзақ уақыттан бері (алты және одан да көп ай) жұмыс істемейтін тұлғалар.
      3. Елу жастан асқан адамдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады